Көкпекті-Нұра аралығындағы теміржолда бекітпе болттардың ұрлануы қауіп туғызды

Фото: ҚТЖ

24 қарашада Көкпекті-Нұра аралығыныда ұзындығы 500 метр учаскеде рельсті ішкі жағынан бекіту болттары ұрланған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазақстан Темір жолына сілтеме жасап.


Барлығы 131 бекітпе ұрланды. Апатты жағдайдың алды алынды.


Теміржолшылар ІІЖБ қызметкерлері оқиға орнына жетті. Пойыздардың жылдамдығына уақытша шектеу енгізілді.


Осыған ұқсас жағдай 2024 жылғы 3 қарашада Отар – Шилібастау аралығында тіркелді, онда белгісіз адамдар жолдың жоғарғы құрылымының 2745 бірлік материалын (SKL-14 бекіткіштері, бұрандалар, бұрышты бағыттағыштар, серпімді клемдер) ұрлап әкетті. – ҚТЖ.