Көкшетауда ҚР Ұлттық ұланы жауынгерлері кісі өліміне қатысы бойынша күдікті ұстады
Фото: ҚР Ұлттық ұланы
2025 жыл, 12-қаңтар күні ҚР Ұлттық ұланы 5510 әскери бөлімі жауынгерлері Көкшетауда кісі өліміне себепші болған күдікті ұстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ұлттық ұланына сілтеме жасап.
Ауыр қылмыс туралы хабарды жергілікті тұрғын жеткізген. Ол қаза болған адамның мәйітін тауып алып, полицияға хабарласты. Осыдан келе, күдіктіге берілген бағдар бойынша, көшеде жүрген жерінен 3 мас ер адамды ұсталды. Бірінде қылмыс туралы хабарлаған адамның жеке куәлігі табылды.
Үшеуі де Көкшетау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде күдіктілердің бірі күнәсін мойындады. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.