Көкшетауды сумен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда
Фото: Gov.kz
Көкшетау қаласының Боровская және Юбилейный шағын аудандарында жаңа су құбырларын тарту жүргізілуде. Бұл мақсатта 3 ұңғыма тартылуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақмола облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Жоба халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
«Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорны тарапынан диаметрі 250 мм су құбыры жүргізіледі. Сонымен қатар, 500 м3 су резервуарларын қайта қалпына келтіру қолға алынады.
Бұл аудандардағы жұмыс 2 апта бұрын басталған. Жұмыс барысы Көкшетауда қосалқы жер асты сулары кен орнын іске қосу жобасын жүргізу аясында жалғасын табады.