Көкшетаулық актер есірткіні жанасусыз сатып келген

Фото: Polisia.kz

Көкшетау тұрғыны есірткіні белгілі бір жерлерде қалдырып, адамдарға сатумен айналысқан, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Оның жалдамалы пәтерінен электронды таразы, 1,5 кг синтетикалық есірткілер –  мефедрон мен alfa-PVP табылды. 4500 сатылуы жүзеге аспай қалған есірткі бары анықталды.


Күдікті күнәсін мойындады. Уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Қылмыскердің актер ретінде эпизодтық рөлдер сомдап келгені белгілі.