Көктемгі егін және егіс жинау алғаш рет алдын ала қаржыландырыла бастады
Фото: Pexels
Премьер министрдің тапсырмасымен көктемгі егін және егіс жинау жұмыстарын қаржыландыру басталып кетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер министрінің сайтына сілтеме жасап.
Бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында жүзеге асады. 2025 жылғы көктемге 700 млрд теңге бөлінеді. Оның 460 миллиарды капиталдық нарықтық көздерден тартылады.
"Бүгіннен бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды. 684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 176 өтінім жұмысқа қабылданды. Тағы 508 өтініш бойынша 59,9 млрд теңгеге құжаттар жиналады".
Қаржыландыру бірінші рет егіс және егін жұмыстарын жүргізуден бұрын беріледі. Бұл шара арқылы алдын ала тұқым, тыңайтқыш сатып алу, техниканы дайындап қою және басқа да қажетті жұмысты жүргізу мүмкін болады.
Сонымен қатар, қарыздарды ресімдеу және өтеу үшін жұмыс істейтін қаржы институттарыны көбейді.
"Қаражатқа екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ кәсіпкерлер жиі көтеретін кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді".