Көлік-логистика саласы бойынша 25 жаңа мамандық ашылады

Depositphotos фото на taspanews.kz от 08 января 2025 14:29
Фото: Depositphotos

8 қаңтар күні болған Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев көлік-логистикалық кешен саласы бойынша болашақ мамандарды оқыту үшін жаңа 25 мамандық ашылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Осы орайда, министр Азаматтық авиацияда қашықтан пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің сыртқы пилоттары қажет болатынын ескерді. Келесі кезекте білім беру мекемесі мен уәкілетті органмен біріге, жаңа мамандықтар ашу жоспарланды.


«Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі»,  – делінген Үкіметтің ресми хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews