Колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын цифрландыру қолжетімді болды

 Gov.kz фото на taspanews.kz от 09 января 2025 14:20
Фото: Gov.kz

eGov.kz сайтында мектеп пен колледжді бітіруді растайтын құжатты цифрландыру қызметі қолжетімді болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Электронды үкіметіне сілтеме жасап.


Құжаттың цифрлық нұсқасын жасау өтініш беру арқылы жүзеге асады. Қызметке қол жеткізу үшін диплом немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болуы шарт.


Егер де ұсынылған деректер қате болса, қызмет көрсетілмейді.


Құжаттарды цифрландыру үшін eGov қосымшасына кіріп, «Азаматтарға» батырмасын басып, сосын «Білім» бөліміне өту керек. «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету» батырмасын таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу керек. Кейіннен «Цифрландыруды» таңдап, диплом немесе аттестаттың сканерленген нұсқасын тіркеу керек.


Қызметтің нәтижесі 5 күн ішінде «Қызметтерді алу тарихы бөлімінде» шығады.


Бұл жаңартылған функционал әзірше 1980 – 2023 жылдар аралығында білім алған азаматтардың құжаттарын цифрландыруға арналған. Өзге азаматтардың құжаттарын цифрландыру кезең-кезеңімен жүзеге асады.


Следите за новостями Taspanews