Конференциялар Лигасы аясында "Челси" футбол клубы Алматыға келеді
Фото: stadiums.at.ua
"Астана" мен лондондық "Челси" арасындағы матч Алматының орталық стадионында өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Матч 12 желтоқсанда өтеді. Ойынның басталуы Астана уақыты бойынша 20:30-ға жоспарланған.
Еске салсақ, ойын Қазақстан астанасынан Алматыға ауысуы "Астана-арена"стадионын жөндеу жұмыстарымен байланысты.