Корей жүзімін зиянкестікке тексеру нәтижелері жарияланды

Фото: Pexels

Ауыл шаруашылығы министрлігі тапсырмасымен "Шайн Мускат" жүзіміне зертханалық сараптамалар жүргізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz AgroPress-ке сілтеме жасап.


Республикалық өсімдіктер карантині қызметкерлері фитосанитарлық бақылау барысында жүзім үлгілерін тексерді. Қорытындыға сәйкес, зиянкестер табылмады.


Сонымен қатар, Ұлттық сараптама орталығы РМҚ-да аталған жүзімнің құрамындағы нитрат мөлшері 13,7 мк/кг екені белгілі болды. Бұл рұқсат етілген көрсеткішке жатады.