Корея Республикасының Президенті Қазақстанға 2024 жылғы 11-13 маусым аралығында келеді

Фото: Pexels

Корея Республикасының Президенті Қазақстанға сапарын жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Taspanews Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.


Ақорданың мессенджерде жарияланған хабарламасында айтылғандай, сапар 2024 жылдың 11 маусымы мен 13 маусымы аралығында болады.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёл осы күндері Қазақстанға келеді.


Сапар барысында екі ел президенттері келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысады. Сондай-ақ бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.