Көшпенділер ойындары: 12 қыркүйекте бағдарлама қандай болмақ
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының соңғы күндерінің бағдарламасына көкпардан бастап Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойынына дейін түрлі спорттық жарыстар өтпек, – деп хабарлайды Taspanews.kz Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми сайтына сілтеме жасап.
Сайыстар қатары:
Қазанат ипподромында:
10:00 – Көкпар
15:00 – Көк беру
Этноауылда:
10:00 – Теңге ілу
10:00 – Құсбегілік
10:00 – 17:30 АССК “Арғымақта” Дәстүрлі садақ атудан топтық жарыс
10:00 – 18:00 Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Корэш (белбеумен спорттық жекпе-жектің түрі, онда рұқсат етілген әдістерді қолдана қарсыласты кілемге құлату мақсат).
10:00 – 18:00 Алатау мұз сарайында Ашыртмалы аба гюреші
10:00 Алатау мұз сарайында Ордо
10:00-16:00 Думан Қонақ үй және спорт комплексінде Овари өтеді
Жарыстардың әрқайсында квалификация өтіп, кейбірінде финал, жартылай финал, ал бірнешесінде жүлделі орындарға талас жүреді.