Қосшыда балабақшаға тасымалдайтын автобус жол апатына ұшырады

Фото: Freepik
2025 жылы 9 сәуір күні сағат 07:00-де Қосшыда, Лесная поляна аумағында, № 2 үй маңында балабақша жасындағы балаларды тасымалдаған "Тойота" микроавтобусы мен "Ивеко" автобусы соқтығысты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Astanovka98 телеграм арнасына сілтеме жасап.
Микроавтобус кейіннен инерция бойынша аялдамаға соғылған.
Микроавтобус ішінде 10 адам болды. Соның ішінде 7 бала жарақаттанғаны белгілі. Олар ауруханаға жеткізілді.