Қостанай облысына вейптерді заңсыз әкелу бойынша сот нәтижесі шықты
Фото: ҚМА
Ресейден Қостанай облысына вейптерді заңсыз әкелу ісі бойынша тергеп-тексеру аяқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.
Күдікті Ресейден 7,5 мыңға жуық вейпке тапсырыс беріп, құны 45 млн теңге тауарды үйінде сақтаған. Сонымен қатар, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтар табылған. Әр темекі алуға өтінім 100 000 теңгеден басталған. Тауар жеткізуші курьерлер мен пошта арқылы ел аумағында таралған.
Нәтижесінде заңсыз вейптер тәркіленді, ендігі кезекте оларды жою жоспарланған.
Күдіктіні сот кінәлі танып, 1 жылға бас бостандығын шектеді. Пробациялық бақылау жүреді.