Қостанай облысында 1-8 жас аралығындағы балалар өрттен қаза болды

Фото: Freepik

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы тұрғын үйдегі өрттен кәмелетке толмағандар зардап шекті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қостанай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.


11 қазан таңғы 04.29-да басталған жалыннан үй толық өртеніп кеткен. Нәтижесінде 1-8 жас аралығындағы 5 бала қаза болған. 2011 жылғы 1 бала зардап шекпеді.


Ресми мәліметке сәйкес, балалардың анасы құрбысына кеткен. Ал әкесі түрмеде жаза өтеуде.


Сағат 06:08-де өрт толығымен сөндірілді.


Оқиға себебі анықталуда. Өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды. Қостанай облысының прокуратурасы