Қостанай облысында бірнеше мектеп уақытша қашықтан оқытуға көшті
Фото: Pexels
Қостанай облысында ауа-райының нашарлауына байланысты оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары ;жүргізілді. Ұзынкөл ауданының білім бөлімі өңірдегі бірнеше мектеп қашықтан оқытуға көшкенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Пресногорьков мектебіндегі, Киров орта мектебі мен Соколов мектебіндегі 1-4 сыныптар қашықтан оқуға көшірілді. Обаған бастауыш мектебінде, №1 Ұзынкөл мектебінде және Қ.Дөненбаева атындағы мектепте де 8 сынып үшін сабақтар онлайн форматта жүргізіледі.
Сонымен қатар, Суворов мектебі мен Белоглинский орта мектебінде 1-11 сыныпқа дейін барлық оқушылар қашықтан оқытылады.