Қостанай облысында қатты жел колледждің шатырын құлатты

Фото: Pexels

Қостанай облысы Меңдіқара ауылында қатты жел колледж ғимаратының және жартылай жатақхананың шатырын құлатты, деп хабарлайды Taspanews Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Оқиға Меңдіқара ауданында болған. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екпіні 30 м/с болатын желдің салдарынан 132 шаршы метр шатырды құлатқан.


Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.