Қостанай облысында құс етін өндіретін фабрика құрылысы басталды
Фото: Pexels
Қостанай облысында 50 мың тонна құс еті өнімін шығаратын фабрика салу бойынша үлкен жоба қолға алынды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл жобаны Canadian Chicken Ltd компаниясы жүзеге асырады. Құрылыс 2029 жылға дейін жалғасады және жалпы инвестиция көлемі 55,4 млрд құрайды. Canadian Chicken Ltd. құс етін өсіруге және өңдеуге, сондай-ақ асыл тұқымды және жас құстардың өнімдерін өндіруге маманданған.
Жобаға 300,5 гектар жер телімі бөлініп, жоспарланған нысанда MEYN, Pass Reform және BIG Dutchman сияқты жетекші әлемдік фирмалардың жабдықтары орнатылады. Жобаға Canagrotek компаниясының мамандары да қатысады.