Қостанай облысында заңсыз кен іздеушілерге қатысты сот үкімі шықты

Фото: Pexels

Қостанай облысы, Жітіқара ауданында екі тұрғын бағалы металдарды заңсыз іздегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Жітіқара ауданының прокуратурасы шекара қызметімен бірлесіп, Аққарға ауылы маңындағы Оңтүстік Тоқтаров кен орнында заңсыз кен іздеумен айналысқан екі азаматты анықтады. Олар ешқандай тіркеусіз және рұқсатсыз іс-әрекет атқарған.


Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер қозғалып, сотқа жіберілді. Нәтижесінде, сот әрқайсысына 55 380 теңге көлемінде айыппұл салып, мемлекет пайдасына жалпы құны 5 миллион теңгеден асатын екі металл іздегішті тәркілеу туралы шешім шығарды. Мамандардың айтуынша, заңсыз кен іздеу экологиялық тепе-теңдікті бұзуы мүмкін.