Қостанай облысында жеке табыс салығын негізсіз ұстап қалу фактілері тіркелді
Фото: Қостанай облыстық прокуратурасы
Қостанай прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдау іс-шаралары бойынша заңсыз қаражат ұстап қалу фактісін анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қостанай облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Жеке табыс салығынан босатылған әлеуметтік топтардан жалпыхалықтық міндеттемені талап етуге құқық жоқ.
Жұмыс берушілер тарапынан 6 млн теңге сомаға салық ұсталған.
Салық кодексінің 346 бабында нақты нұсқаулар көрсетілген. Салықты төлеуге міндеттелмейтіндер қатары:
– мүгедек баланың ата-анасы, қамқоршылары;
– бала кезінен мүгедектігі бар баланың ата-анасы, қамқоршылары;
– бала асырап алушы;
– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық отбасына қабылдаған патронаттық ата-аналардың бірі.
Қаражат қайта қайтарылды.