Қостанай облысында жеке табыс салығын негізсіз ұстап қалу фактілері тіркелді

Фото: Қостанай облыстық прокуратурасы

Қостанай прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдау іс-шаралары бойынша заңсыз қаражат ұстап қалу фактісін анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қостанай облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.


Жеке табыс салығынан босатылған әлеуметтік топтардан жалпыхалықтық міндеттемені талап етуге құқық жоқ. 


Жұмыс берушілер тарапынан 6 млн теңге сомаға салық ұсталған. 


Салық кодексінің 346 бабында нақты нұсқаулар көрсетілген. Салықты төлеуге міндеттелмейтіндер қатары:


– мүгедек баланың ата-анасы, қамқоршылары;


– бала кезінен мүгедектігі бар баланың ата-анасы, қамқоршылары;


– бала асырап алушы;


– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық отбасына қабылдаған патронаттық ата-аналардың бірі.


Қаражат қайта қайтарылды.