Қостанай облысындағы дала өрті сөндірілді

Фото: Pexels
2025 жылы 6 сәуір күні Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы шекарасына жақын Б. Майлин ауылында басталған өрт сөндірілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Өрт 700 гектарға жуық алаңда сөндірілді.
Өрт 5 сәуір күні басталды. Жалын Әулиекөл ауданына тарап кеткен. Өрт сөндіруге 80-нен астам адам жұмылдырылды. Өрт сөндіру пойызы, тікұшақпен аэровизуалды тексеру әдістері қолданылды. Сағат 17:46-да өрттін оқшауланғаны туралы ақпарат келіп түсті.
6 сәуір сағат 08:22-де өрттің сөндірілгені туралы ақпарат берілді.
Оқиға себебі анықталуда.