Қостанай облысының кей бөлігіндегі көлік қозғалысына шектеу қойылады

Фото: Pexels
2025 жылы 13 наурыз, сағат 12:00-ден бастап ауа-райы қолайсыздығына байланысты Қостанай облысының кей учаскесіндегі тас жолдардағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz "Қаз АвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қостанай-Әулиетау-Сұрған" автожолының 108-218 шақырымы аралығы уақытша жабылады (Әулиекөл ауылы-Октябрьское ауылы).
Қозғалысты 13 наурыз күні 21:00-де ашу жоспарланған.