Қостанай тұрғыны кәсіпкерлікті дамыту грантынан айырылды

Pexels фото на taspanews.kz от 02 октября 2024 08:55
Фото: Pexels

Қостанай тұрғыны бизнес ашуға мемлекет берген грантты қайтаруға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Taspanews.kz Қостанай соттарына сілтеме жасап.


1 380 000 теңге көлемінде грант иеленген әйел «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" КММ еңбек ұтқырлығы орталығына қаражатты алуға өтінішпен келген.


Мемлекеттік қолдау шарасы оның кішігірім құс фабрикасын ашуға берілген.


1 жыл өткен соң, оған грант ақшасын пайдаланғаны туралы есеп бермеді деп айып тағылды.


Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасының шарттарын орындамағаны үшін сот кәсіпкерден ақшаны қайтарып алуды құптады. «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" КММ-нің талабы орындалды.


Сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді.


Следите за новостями Taspanews