Қостанайда автобусты мас күйінде айдаған жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz
29 жасар автобус жүргізушісі жұмыс арасында, демалған кезінде ішімдік ішкен, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Жүргізуші орта дәрежеде мас болған, сонымен қатар оның сақтандыру полисі болмағаны анықталды.
Полиция Daimler Benz автобусын арнайы тұраққа жеткізді.
Жүргізушіге 15 күн қамауда болу немесе 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылу қарастырылды. Механик те сақтандырудың жоқтығы үшін жауапқа тартылады.