Қостанайда дәрігер өз пәтерінде шабуылға ұшыраған

Polisia.kz фото на taspanews.kz от 13 января 2025 18:11
Фото: Polisia.kz

Қостанайда ер адам дәрігермен сөзге келіп қалып, кейіннен үйіне еніп, кек қайтармақшы болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Ер адам жақтастарын шақырып, дәрігерді жалған тапанша мен пышақ арқылы қорқытқан. Нәтижесінде, оған несие ресімдеп, қаражатын және ұялы телефонын алып қойған. Келтірілген залал 1,5 млн теңгені құрады.


Күдкітілердің екеуі жедел-іздестіру шаралары кезінде ұсталды, үшіншісі Астана қаласынан табылды. Күдіктілер тергеу изоляторында қамауда. Мұндай бұзақылық түрі үшін мүлікті тәркілеу мен 5-7 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған.


Дәрігерге тиесілі ақша мен ұялы телефон қайтарылып берілді.


Следите за новостями Taspanews