Қостанайда екі баланың анасы терезеден секірді

Қостанайда екі баланың анасы терезеден секірді фото на taspanews.kz от 29 июля 2024 08:58
Фото: Midjourney

Қостанайда күйеуі балық аулап жүргенде, әйел көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы терезеден секірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ТоболИнфо ақпаратына сілтеме жасап.


Қайғылы оқиға Быковский көшесінде 28 шілде, жексенбі күні таңғы сағат 10:00 шамасында болды. Бұл уақытта пәтерде әйелдің бір айлық сәбиі мен жеті жасар баласы болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның биологиялық өлімін тіркеді.


Құқық қорғау органдарынан бұл жағдай жайлы түсініктеме берілмеді.


Следите за новостями Taspanews