Қостанайда екі баланың анасы терезеден секірді

Фото: Midjourney

Қостанайда күйеуі балық аулап жүргенде, әйел көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы терезеден секірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ТоболИнфо ақпаратына сілтеме жасап.


Қайғылы оқиға Быковский көшесінде 28 шілде, жексенбі күні таңғы сағат 10:00 шамасында болды. Бұл уақытта пәтерде әйелдің бір айлық сәбиі мен жеті жасар баласы болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның биологиялық өлімін тіркеді.


Құқық қорғау органдарынан бұл жағдай жайлы түсініктеме берілмеді.