Қостанайда экстремизм мен діни араздықты насихаттағаны үшін радикалды ұстады
Қостанайда экстремизм жасады деген айыппен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Taspanews.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанайда терроризмді насихаттады және діни араздықты қоздырды деген айыппен радикал ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz . Ақпарат көзінің мәліметінше, ол БАҚ арқылы экстремизмді насихаттағаны үшін 12 жылға дейін және діни араздықты қоздырғаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қостанай облысының полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынның жеке басы анықталды. Олардың айтуынша, ер адам радикалды діни идеологияны ұстанып, өзге дін өкілдерін кемсітуді насихаттайтын, сондай-ақ осы негізде зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдар таратқан.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын департамент басшысының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов растады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.