Қостанайда студент 11 жылға сотталды

Фото: Polisia.kz

Қостанайда құны 100 млн теңге құрайтын есірткі тасымалдаушылар ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап. 


Бұрынырақ қалада 2 адам төрт келіден астам синтетикалық есірткі – “а-PVP” ны жалдамалы пәтерінде ұстағаны белгілі болған. Үйден электронды таразылар, 240 кішігірім-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған жабдықтар табылған.


Полиция 15 мыңнан көп дозаны қара нарыққа шығармай, тәркіледі. Қылмыскерлердің бірі дене шынықтыру факультеті студенті екені анықталды.