Қостанайлық туристік фирма басшысы алаяқтық бойынша ұсталды

Pexels фото на taspanews.kz от 23 января 2025 15:40
Фото: Pexels

Қостанайлық туристік фирма басшысы алаяқтық бойынша күдікті атанды, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.


53 адам арыз жазып, алаяққа тап болғанын жеткізген. Туристер кеңседе де, ұялы телефонмен де саяхатты ресімдегенмен, жолға шыға алмаған. Саяхаттың жүзеге аспайтынын білген адамдар ақшаны қайтаруға тырысқанмен, бекер болды.


Қаражат берілгенмен, Турция, Тайланд, Қытай, Вьетнамға турлар алдын ала ресімделген. Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталады. Келтірілген залал 40 млн теңгені құрады. Іс бойынша күдікті ұсталды.


Следите за новостями Taspanews