Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің даму бағыттары талқыланды
Астанада Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ-дың Өкілетті кеңесінде 78-ші мәжіліс өтіп, жоғарғы оқу орнының маңызды даму бағыттары белгіленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Күн тәртібінде 2025-жылдың бюджеті қаралды, ректорат тарапынан атқарылған жұмыс бойынша есеп тыңдалды.
Ендігі кезекте университетте «Заң» факультеті мен «Өнер, медиа және дизайн» факултеті ашылады. «Дайындық орталығында» Жалпы пәндер бөлімін құру ұсынысы қаралды.
2025-2026 оқу жылына шәкіртақы негізінде магистратура, докторантура мен кәсіби біліктілікті арттыру мен тәжірибе алмасуға жіберілетін үміткерлер санын анықтау мен Яссауи атындағы докторантура бағдарламасының шәкіртақы контингенті мен мамандықтарын анықтау мәселесі қаралды.
2025-2026 жылдары Түркия Республикасынан, Түркі тілдес республикалар мен туыстар қауымдастықтардан және басқа мемлекеттерден қабылданатын студенттер контингентін және ТүрТЕП бағдарламаларына қабылданатын студент контингентін белгілеу бойынша ұсыныстар тыңдалды.
«Жиынға Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов, Түркия тарапынан Өкілетті Кеңес мүшесі Ибрахим Калын, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, танымал ғалым және қоғам қайраткері Дархан Қыдырәлі, Түркия тарапынан Мәдениет және туризм вице-министрі Сердар Чам, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстанның Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры Жанар Алдасугурова және университет ректоры Жанар Темірбекова қатысты.Мәжіліс барысында Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі»,
«Жиынға Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов, Түркия тарапынан Өкілетті Кеңес мүшесі Ибрахим Калын, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, танымал ғалым және қоғам қайраткері Дархан Қыдырәлі, Түркия тарапынан Мәдениет және туризм вице-министрі Сердар Чам, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстанның Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры Жанар Алдасугурова және университет ректоры Жанар Темірбекова қатысты.
Мәжіліс барысында Өкілетті Кеңес Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі»