ҚР Конституциясы көзі нашар көретін оқушыларға арнайы дана ретінде ұсынылды
Фото: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты
Көзі нашар көретін оқушыларға ҚР Конституциясын Брайль тілінде оқуға мүмкіндік туды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Конституциялық Сотқа сілтеме жасап.
Конституциялық Сот өкілдері №10 мектеп-гимназиясы мен №92 мектеп-лицейіне келіп, мамандандырылған сыныптарға Конституцияның Брайль тілі үлгісін ұстатты. Іс-шара Конституция күніне орай ұйымдастырылды.
Бұл ел Заңнамасы кез-келген азаматқа қолжетімді болу үшін маңызды бастама ретінде қарастырылды. Кездесу барысында Сот өкілдері сұрақтарға жауап беріп, Заңды білу маңыздылығын түсіндірді.