ҚР Конституциясы көзі нашар көретін оқушыларға арнайы дана ретінде ұсынылды

Фото: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Көзі нашар көретін оқушыларға ҚР Конституциясын Брайль тілінде оқуға мүмкіндік туды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Конституциялық Сотқа сілтеме жасап.  


Конституциялық Сот өкілдері №10 мектеп-гимназиясы мен №92 мектеп-лицейіне келіп, мамандандырылған сыныптарға Конституцияның Брайль тілі үлгісін ұстатты. Іс-шара Конституция күніне орай ұйымдастырылды.


Бұл ел Заңнамасы кез-келген азаматқа қолжетімді болу үшін маңызды бастама ретінде қарастырылды. Кездесу барысында Сот өкілдері сұрақтарға жауап беріп, Заңды білу маңыздылығын түсіндірді.