ҚР Қорғаныс министрі спорт федерациясын басқаруға тағайындалды

Фото: gov.kz
Айдос Ақжановтың орнына Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясын генерал-полковник Руслан Жақсылықов басқарды. Мұндай шешім Астанада өткен федерацияның кезектен тыс отырысында қабылданды, – деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақсылықовтың тағайындалуын федерацияның барлық мүшелері бірауыздан қолдады.
«Самбо федерациясының жаңа президенті тәжірибелі де беделді маман, дзюдодан КСРО спорт шебері, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Оның спорттық мансабындағы жетістіктері, әскери дайындық пен құқық қорғау саласындағы тәжірибесі федерацияны басқаруға қажетті барлық қасиеттерді құрайды»,
Руслан Жақсылықов лауазымына тағайындалғаннан кейінгі алғашқы сөзінде федерация мүшелеріне сенім білдіріп, қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Ол әскер мен құқық қорғау органдарына баратын азаматтарды даярлау жүйесіне спорттық және жауынгерлік самбоны қосуды көздегенін айтты.
«Біздің күш-жігеріміз самбоны тек спорт түрі ретінде ғана емес, сонымен қатар әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлаудың маңызды құралы ретінде дамытуға бағытталатын болады»,