Криштиану Роналдудың 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жоспары белгілі болды

Фото: championat.com

Португалия құрамасының атақты шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатында алаңға шықпақ, деп хабарлайды Taspanews испандық relevo.com басылымына сілтеме жасап


Ал, Германияда Еуропа чемпионатының финалдық бөлімі басталып, Португалия құрамасы Чехия, Түркия және Грузия командаларымен бір топта сынға түсуде.


18 маусымға жоспарланған бұл турнирдің алғашқы ойынында Роналду бастаған Португалия құрамасы чехтармен кездеседі. Тарихқа көз жүгіртсек, Португалия құрамасының Еуропа чемпионатындағы жеңісті ойыны 2016 жылы Францияда өткен жеңісімен есте қалды, сол кездегі Роналду бастаған құрама құрлық чемпионы атағын жеңіп алды.


Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ-та 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.