ҚТЖ бір пойыз ішінде вагоннан-вагонға ауысуға болатын қызмет енгізді

Фото: Pexels

https://t.me/PR_KTZh


ҚТЖ бір пойыз ішінде вагоннан-вагонға ауысуға болатын қызмет енгіздіq Ұлттық темір жол тасымалдаушысы "Вагоннан-вагонға"  қызметін енгізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚТЖ сілтеме жасап.


Вагоннан вагонға ауысу бір бағыт бойынша пойызға билеттің жоқтығы кезінде  тиімді. Мәселен Астанадан Алматыға билет таппаған жолаушы Ағадырға дейін барып, әрі қарай сол пойыз құрамындағы "Ағадыр-Алматы" бағыты бойынша жаңа билет ресімдей алады.


Қызметті пайдалану үшін келесі қадамдарды жасау керек:


"1. Railways сайтына кіру;2. Бағыт пен сапар күнін таңдау;3.Тікелей билет болмаған жағдайда, жүйе автоматты түрде пойыз+пойыз немесе вагон+вагон ауысу қызметтерін ұсынады.4.Балама нұсқаларды қарау үшін «Вагоннан вагонға ауысу» бөлімін таңдау қажет.5. Ұсынылған нұсқалардың ішінен бір пойыз аясындағы қолайлы билет нұсқасын таңдайды.6. Жеке ақпаратты толтыра билет ресімдейді. – Қазақстан темір жолы.