Қуандық Бишімбаев түрмеден қашқандығы туралы ақпаратты таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Жоғарғы Сот
7 қараша күні Ayran Youtube арнасы Қуандық Бишімбаев туралы деректі фильм жариялады, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Онда Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрінің түрмеде емес, бостандықта жүргені туралы айтылды. Осыдан соң, әлеуметтік желіде қылмыскердің қашып кеткендігі туралы болжам тарады.
ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Ақпаратқа сай, Қуандық Бишімбаев қатаң режімдегі түрмеде жазасын өтеуде. Сондай-ақ КУИС жалған ақпарат жариялағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, қылмыскер әйелін қинап, аса қатігездікпен қаза еткені үшін 24 жылға сотталған.
Пост из социальной сети