Қуандық Бишімбаевтан алынатын моральдік зиянның өтемақысына қатысты аппеляциялық сот отырысы өтті

Жоғарғы Сот фото на taspanews.kz от 27 ноября 2024 19:56
Фото: Жоғарғы Сот

Қуандық Бишімбаевтан 10 миллион теңгеден көбірек өтемақы өндіру туралы арыз қанағаттандырылмады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жанна Уразбахова инстаграм парақшасына сілтеме жасап.


Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа 10 миллион теңге өтемақы төлеуге үкім шығарған судья Джумаевтың шешіміне келіспеген. Осы орайда жәбірленушілер тарапы өтемақы қаражатының көлемін көбейтуге тырысты.


Астана қалалық соты арызды қанағаттандырмады. Жалпы сома көлемі өзгеріссіз қалды.


Өз кезегінде, қорғаушы Жанна Уразбахова аппеляция болмай тұрып, бұл шешімнің заңсыз екенін түсіндіріп өтті:


Судья Джумаев мұның бәрін елемей, "әділ" деп санады, 10 миллион теңге өтемақы тағайындалды, алайда сотта заң бойынша жауапкердің материалдық жағдайы ескерілуі міндетті, бұл Жоғарғы Соттың "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" №7, 27.11.2015 жылғы нормативтік қаулысының 8-тармағына тікелей байланысты. "Сот моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау кезінде істің материалдарымен расталған басқа да мән-жайларды, атап айтқанда жәбірленушіге келтірілген моральдық зиян үшін жауапты адамның отбасылық және мүліктік жағдайын назарға алуға құқылы".

Жанна Уразбазова Инстаграм фото на taspanews.kz от 27 ноября 2024 19:56
Фото: Жанна Уразбахова Инстаграм
Следите за новостями Taspanews