Қуандық Бишімбаевтың жаза өтеу орны белгілі болды

Фото: Жоғарғы Сот

Қазақстанның бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қайда екені туралы ақпарат келтірілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz қорғаушы Жанна Уразбахованың инстаграм парақшасына сілтеме жасап.


Ол жазасын Степногорсктегі ҚАЖ департаментінің No5 мекемесінде өтеуде. Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның қашып кетуі мүмкін екені жайлы қауесет тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Фото: Instagram Жанна Уразбахова