Кулибаетің компаниясы сот шешімімен Ақтаудағы мұнай терминалын мемлекетке қайтарды

 фото на taspanews.kz от 04 июня 2024 12:46
Фото: Pexels

Асқар Кулибаевтің компаниясы мұнай терминалын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттелді, – деп хабарлайды Taspanews ҚР Бас прокуратурасының ресми Telegram-каналына сілтеме жасап. 


Сот шешімімен Асқар Кулибаевтің компаниясы Ақтау халықаралық теңіз портындағы 134 гектар жерде орналасқан мұнай терминалын мемлекет балансына қайтаруға міндеттелді. Мүліктің нарықтық құны 66 миллион долларды құрайды.


Алматы прокурорының бастамасымен қозғалған бұл талап шетелдік инвестордың мүлкін заңсыз иеліктен шығарудан келтірілген залалды өтеу үшін қозғалған. 2011 жылы мұнай терминалы Кулибаев компаниясының иелігіне өткені анықталды.


2024 жылғы 26 ақпанда Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты прокурордың талап арызын қанағаттандырып, терминалды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Сот шешімі заңды күшіне енді.


Следите за новостями Taspanews