Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендер үй сала бастады

 фото на taspanews.kz от 28 мая 2024 14:57
Фото: baigenews.kz

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындары ақшалай өтемақы алып, құрылыс-жөндеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі Атырау облысының ТЖД сайтына сілтеме жасап.


Тасқыннан зардап шеккен Құлсара тұрғындары үй салуға кірісті. Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары бағалау жұмыстарының қорытындысы бойынша ақшалай өтемақы алады.


Құлсары қаласындағы 4-шағын ауданның 74 жастағы тұрғыны, ардагер теміржолшы Айтбай Шайпахов 2018 жылы салынған үйін су басып кеткенін айтты. Бөлінген қаржыға ішін де, сыртын да жөндеуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта линолеум төсеп, есікті ауыстырды. Айтбай аға мұндай су тасқыны алдағы уақытта қайталанбаса екен деп тілейді.


4-ші ықшамаудандағы Бекбике көшесіндегі Нәсіпбай Сағынбаевтың тұрғын үйі 5 сәуірде су тасқынынан құлап қалды. Екі айға жуық уақыттан бері үйінің ауласындағы ағаштан жасалған уақытша лашықта тұрып жатыр.


Қазіргі уақытта техникалық инспекторлар мен бағалаушылар үйге келтірілген залалды бағалауды аяқтады.


 «Біз ескі үйде 1989 жылдан бері тұрамыз. Соңғы 5-6 жыл ақша жинап, жаңа үй сала бастадым. Өтемақы үшін шатырды қайта жаптым, қалғанын құрылысты аяқтауға жұмсаймын» Бес баланың әкесі, Құлсары тұрғыны

Қалған үйлер бойынша бағалау жұмыстары әлі жалғасуда және 10 маусымға дейін аяқталады деп жоспарлануда.


Следите за новостями Taspanews