Құрбан айт мерекесіне байланысты қосымша демалыс болмайды

 фото на taspanews.kz от 07 июня 2024 16:00
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда 2024 жылы Құрбан айт мерекесін тойлауға байланысты қосымша демалыс күні жоспарланбаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) 2024 жылдың 17 маусымында Құрбан айт мерекесін тойлауға байланысты арнайы демалыс күні болмайтынын хабарлады.


Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, мұсылман ай күнтізбесі бойынша тойланатын Құрбан айттың бірінші күні жұмыс істемейтін күн болып саналады.


Жыл сайын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы жылға еліміздегі мерекелер мен демалыс күндерін қамтитын Өндірістік күнтізбе жасайды. 2024 жылдың өндірістік күнтізбесін құрастыру кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылғы 17 қазанда хат жолдаған, онда 2024 жылғы Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келетіні, бірақ күннің өзгеруіне байланысты бұл күн әлі де өзгеруі мүмкін екендігі туралы ақпарат бар. 


Арада біраз уақыт өткен соң, биылғы жылдың 7 маусымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы Құрбан айттың бірінші күні жексенбіге сәйкес келетін 16 маусымда тойланатынын ресми түрде хабарлады. Осыны ескере отырып, 17 маусым, дүйсенбіде қосымша демалыс болмайды.


Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес демалыс күндеріне сәйкес келетін мерекелер ғана ауыстырылуға жатады.


Следите за новостями Taspanews