Құтқарушылар Семейдегі жеке тұрғын үйдегі ірі өртті сөндірді
Фото: ТЖМ
18 қарашаға қараған түні Семей қаласы, Абай облысында жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
9 линия бойындағы үй шатыры өртеніп, жалын 135 шаршы метр аумақты қамтыды.Өрт сөндірілді. Таралуына жол берілмеді. Жалын туындау себебі анықталуда.
Еске салсақ, 15 қарашада Қызылорда облысында жанармай құю бекеті өртенді.