Құтқарушылар Семейдегі жеке тұрғын үйдегі ірі өртті сөндірді

Фото: ТЖМ

18 қарашаға қараған түні Семей қаласы, Абай облысында жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


9 линия бойындағы үй шатыры өртеніп, жалын 135 шаршы метр аумақты қамтыды.Өрт сөндірілді. Таралуына жол берілмеді. Жалын туындау себебі анықталуда.


Еске салсақ, 15 қарашада Қызылорда облысында  жанармай құю бекеті өртенді.