Күйік шалған екі бала Алматыға жеткізілді
Фото: Ақмарал Әлназарова инстаграмы
Сәрсенбі, 31 шілдеде Қызылорда облысында газ жарылысы кезінде бүкіл денесінде жаппай күйік алған екі баланы санавиация бортымен Алматыға жеткізді, деп жазады Taspanews.kz Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Балалар өте ауыр жағдайда, делінген басылымда. Олар дененің шамамен 75% күйік жарақаттарын алды. Оларды емдеумен алматылық Балалар және шұғыл медициналық көмек орталығында айналысатын болады.
Барлық қажетті емдеу процедуралары қазірдің өзінде іске асуда, динамика бойынша бақылау жүргізілуде.
Еске салсақ, бұрын Taspanews.kz ересектерсіз демалып жатқан төрт баланың газ баллоны жарылысынан қалай зардап шеккені туралы ақпарат жарияланған.