Қырғызстан азаматы Кенесары ханның қазасы үшін кешірім сұрағанына айыпты

Ұлтаралық фото на taspanews.kz от 10 февраля 2025 13:24
Фото: Airan media

Кенесары ханның қазасы үшін кешірім сұрап, ұлтаралық наразылықты тудыра жаздаған қырғызстандық әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қырғызстан Республикасы МҰҚК сілтеме жасап.


Қырғызстанда 1985-жылғы азамат ұсталды. Ол Airan-YouTube арнасында ұлттар арасында араздылықты тудыратындай сөздер айтқаны үшін айыпты саналды. Осы әрекетінен соң, одан елден шықпауы бойынша қолхат алынды. Тергеу жүргізілуде.


Қырғызстан Республикасының қылмыстық кодексі 330 бабы, 1-бөлігі бойынша мұндай қылмыс түріне 10 жылға дейін бас бостандығын айыруға дейін жаза қарастырылған.


24 KG ақпараттық сайты мәліметіне сай, бұл адам белгілі әнші Қайрат Примбердиев болып шықты. Ол Айран-медиа атты қазақстандық You-Tube арнада Кенесары ханды Ормон хан қаза еткені үшін өз атынан кешірім сұраған.


Следите за новостями Taspanews