Қызордадада жасөсіпірімді жезөкшелікпен айналысуға итермелеген әйелге қатысты сот ісі қаралды

Pexels фото на taspanews.kz от 24 декабря 2024 21:05
Фото: Pexels

Қызылордада кәмелетке толмағанды жыныстық-қарым қатынас қызметін көрсетуге тартқан адамға қатысты жаза қарастырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.


Қызылордадағы №2 сотта сотталушының ісі жабық түрде қаралды. Айыпталушы жасөспірімнің кәмелеттік жасқа толмағанын біле тұра қарама-қарсы жыныс өкілімен беттестіріп, пайдакүнемдік мақсатын көздеген. Тергеп-тексеру кезінде жәбірленушінің сөзі айғақ ретінде танылды.


Нәтижесінде, сотталушыға ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2,3 -тармақтары бойынша 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Жазаны жеңілдететін фактор ретінде жасы кіші баласының болуы әсер етті.


Үкім заңды күшіне енбеді.


Следите за новостями Taspanews