Қызылорда емханасында көлік айдауға үміткерлер алатын анықтама құны негізсіз көтерілген

Фото: Pexels

Қызылордада көлік айдауға үміткер ретінде медициналық тексеруден өткен азаматтар анықтамаға шамадан тыс ақша төлеген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Қызылорда қалалық орталық емханасында №073 анықтама құнына терапия, офталмология мен отоларингология бөлімдерінің медбикелерінің қызметі де кіріктірілген.


Прокурорлық қадағалау актісінен кейін анықтама құны 5700 теңгеден 3500 теңгеге дейін төмендетілді.