Қызылорда облысында 3 күн бұрын жоғалып кеткен бақташылар табылды
Фото: Polisia.kz
Қызылорда облысы Жалағаш аудандық полиция бөліміне үш күн бұрын үш бақташының жоғалып кеткендігі жайлы ақпарат түскен, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Жергілікті шаруа қожалығының бақташылары Қаракеткен ауылынан жайылымдағы малды іздеп шығып, із-түссіз кеткені белгілі. Кейіннен іздестіру жұмыстары басталды. Полиция, ТЖД және ауыл тұрғындары жоғалғандарды бірігіп іздеді. Бақташылар тоғыз сағаттан соң табылды.
«Тоғыз сағатқа созылған іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Бүгін сағат 16:00 шамасында учаскелік полиция инспекторы Жалағаш ауданына қарасты, кенттен 160 шақырым жердегі Шақ-Шақ атты далалық аймақтан жоғалған малшыларды аман-есен тапты»,