Қызылорда облысында ақбөкеннің 2038 мүйізі тәркіленді

 Қызылорда ПД фото на taspanews.kz от 03 декабря 2024 08:34
Фото: Қызылорда ПД

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл ауылында ақбөкен мүйізін сақтаған 2 тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.


Тексеру барысында азаматтардан 400 келі 2038 дана ақбөкен мүйізі, электронды таразы мен екі көлік құралы тәркіленді.


Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізілуде.


Еске салсақ, жазда Қарағандыда ақбөкен санын азайтқан браконьерлер ұсталды.


Следите за новостями Taspanews